«Бір өлке - бір кітап» библиографиялық шолу.
Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасының Шиелі ауданындағы бөлімшесінің ұйымдастыруымен
2023 жылы 14 ақпан күні "Бір өлке- бір кітап" акциясы аясында жазушы Оразбек Сәрсенбаевтың шығармашылығына арналған библиографиялық шолу болып өтті.
Шолуда жазушы О.Сарсенбайдың елуінші жылдардың екінші жартысында, алпысыншы жылдардың басында аудандық"Стахановшы", облыстық "Ленин жолы"республикалық "Қазақстан пионері", "Лениншіл жас" газеттерінде оның алғашқы өлеңдері мен әңгімелері жарияланады.
Жазушы О.Сәрсенбайдың осы уақытқа дейін 20-ға жуық кітаптары шыққан. Оның әдеби сын, көркем публицистика, тарих, мәдениет, философия саласындағы жарияланымдары оқырманға кеңінен таныс. Сондай-ақ ол баспагер және аудармашы ретінде Ислам әдебиетін қалың оқырмандар арасында тарату ісінде елеулі еңбегі зор. "Құран Кәрім", "Мұхаммед пайғамбарымыздың хадистері", "Шайтаннан сақтану жолдары", "Сыйқырдан сақтану және емделу жолдары", "Адал мен арам", "Мұсылмандық әдеп сабағы", т.б. ондаған кітаптарды қазақшаға аударған.
"Шамшырақ" (1990), "Шеңбер" (1998) романдары кешегі социализм заманында өмір сүрген ұрпақтың басынан өткерген қилы-қилы тағдырын сөз еткен нағыз көркем, кестелі туындылар ретінде әдебиетіміздің алтын қорында, оның "Уәде" атты повестер мен әңгімелер жинағына Қазақстан Жазушылар одағының М.Әуезов атындағы сыйлығы (1987), халықаралық "Алаш" сыйлығы (1994) берілген. Ал "Шеңбер" романы үшін О.Сәрсенбай
ҚР Мемлекеттік сыйлығын алған.
ҚР Президентінің Жарлығымен "Құрмет"орденімен, "Парасат" орденімен марапатталған.
Мақсаты: жазушы Оразбек Сәрсенбаев тың өмірі мен шығармашылық қызметін оқырмандар арасында кеңінен насихаттау, шығарма ларын оқыту.