«Мемлекеттік тіл – ел бірлігінің негізі» ақпарат сағаты.
«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деген дана сөз бекерден бекер айтылмаса керек. Тіл – ең ұлы қару. Тіл – ең асыл құндылық. Тіл – ең керемет қатынас құралы. Әрбір тіл өзінің халқы үшін – ұлы. Осы орайда бүгін Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасында «Мемлекеттік тіл – ел бірлігінің негізі» атты тұрақты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Шараның мақсаты мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеру, қадірлеу, көздің қарашығындай сақтау. Кітап көрмесіне тіл туралы ақын жазушылардың айтқан сөздері, кітаптары, мерзімді басылымдарға жарияланған мақалалар мен фотосуреттер қойылды. Кітапханашы А. Нұрлиева ақындардың тіл туралы өлеңдерін оқып көрмедегі әдебиеттермен оқырмандарды таныстырды.