«Тәуелсіз елім - Қазақстан» көлемді кітап көрмесі.
23 қаңтары күні Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасының ұйымдастыруымен «Тәуелсіз елім – Қазақстан» атты кітап көрмесінің ашылуы болды. Мақсаты: Ел Тәуелсіздігінің тарихы мен қарқынды дамуы туралы деректерге тоқтала отырып, оқырманның еліне, жеріне деген құрметін қалыптастырып сүйіспеншілігін арттыру. Кітап көрмесіне тарихымызды таразылап, еліміздің Тәуелсіздікке жетуде жасаған үлкен қадамдары, өнегеге толы ерлік істеріне баға беретін тәуелсіздік жылдарында халқымыздың басынан өткен сан қилы оқиғалар мен тағдырлар тоғысына арқау болған кітаптармен толықтырылды. Тәуелсіз жас мемлекет- заманауи Қазақстанның атын әлемге танытып жүрген тұлғалар туралы және еліміздің тәуелсіздік алған сәтінен бастап бүгінге дейінгі жүріп өткен жолы туралы еңбектері және тәуелсіздік жылдарында баспадан шыққан әдеби туындыларымен қамтылды. Кітап көрмесі оқырмандарға таныстырылды.