«Шоқтығы биік нар түлға» кітап көрмесі. /Т.Жүргеновтің туғанына 125 ж/.
Ұлтының ұлылығын ұлықтаған, ақтық демі таусылғанша бар болмыс – бітімімен, пәк жүрегінің асыл сенімімен елі мен жерінің өркендеуіне баға жетпес қызмет атқарған ұлы тұлғалардың бірі де бірегейі – Темірбек Қараұлы Жүргенов. Темірбек Қараұлы Жүргенов Қазақстандағы мәдениет, әдебиет, өнер саласының талантты ұйымдастырушыларының бірі. Есімі тек қазаққа ғана емес, иісі түркі жұртына мәлім, Орта Азия мен Қазақстанға ортақ тұлға, аса көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, қаламы қарымды сыншы, көсемсөз иесі. Қазақтың біртуар ұлының игі істерін болашақ ұрпаққа жеткізу, үлгі ету мақсатында Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасы «Шоқтығы биік нар тұлға» атты тұрақты кітап көрмесінің ашылуын өткізді. Кітап көрмесіне «Сыр елі», «Шежірелі Жалағаш», мерзімді басылымдарға жарияланған мақалалары, фотосуреттері және С.Аңсатовтың «Ұлт рухын түлеткен», «Айтарым бар», «Сөзім – ұстанымым» атты кітаптары қойылды. Кітаптарда «Алаштың ардақты ұлы Темірбек Жүргенов жайлы», «А. Сәріпжанов пен Т. Жүргеновтің ана тіліне керағар көзқарастары» атты мақалалары жазылған. Оқырмандар Т. Жүргеновтің қазақ білімі мен өнеріне қосқан сүбелі үлесі туралы көптеген мағлұматтарға қанық болды. Кітап көрмесі жыл көлемінде толықтырылып, оқырмандарға таныстырылып отыратын болады.