» » «Кемел ойлы, көркем сөзді түлға» «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Т.Әбдіктің шығармаларын насихаттау.

«Кемел ойлы, көркем сөзді түлға» «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Т.Әбдіктің шығармаларын насихаттау.

        Қазақ әдебиеті - қазақ халқының ғасырлар қойнауынан ұрпақтан ұрпаққа жеткен рухани, мәдени мұрасы, сөз өнерiнiң асыл қазынасы. Қазір қазақ әдебиетінің туындыларын тиісінше оқып, зерделеп талқылауда өткір қажеттілік туындады. Дәл осы мақсатта кітап оқу, кітапқа деген қызығушылықты арттыру, халқымыздың әдеби мұрасын зерттеп, рухани мұраны сақтау мақсатында Қазақстанда республикалық «Бір ел - бір кітап» акциясы ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен ҚР Кітапханашылар Ассоциациясы бастамасымен 2007 жылдан бастау алған болатын.
Биыл «Бір ел - бір кітап» республикалық акциясы аясында белгілі драматург, жазушы Төлен Әбдіковтің шығармалары жалпыхалықтық оқуға ұсынылды.
Осыған орай, 18 қаңтар күні Қызылорда облыстық зағип және  нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасында «Кемел ойлы, көркем сөзді тұлға» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Танымал жазушы, белсенді қоғам қайраткері Төлен Әбдікұлының алғашқы жарияланған әңгімелерінен, соңғы жазған романдарына дейін, жұртшылықтың жүрегінен жол тауып, оқырмандардың сүйіп оқитын шығармаларына айналып отыр. Көрмеге жазушының шығармалары  топтастырылып оқырмандарға таныстырылды.
18 қаңтар 2023 ж.. 311
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам