«Брайль жүйесі қазіргі ақпараттық қоғамда» француз тифлопедогогы Л.Брайльдың туған күніне орай кітап көрмесі.
Жарық дүниені өз көзіңмен көре алмаудан артық қасірет жоқ. Дегенмен бұл қиындыққа мойынұсынбай өз өмірлерін басқа арнаға аударған қажырлы жандар жетерлік. Солардың бірі – Француз тифлопедогогы Луи Брайль еді. /04.01.1809-06.01.1852/ Ол бала кезінен көру мүмкіндігінен айырылған нәзік жан өзі тағдырлас зағиптармен бірлесіп уақыттарын тиімді өткізуді және нүктелі- бедерлі шрифт арқылы жазу мен саусақпен сезу арқылы оқуды да үйренеді. Осы жүйенің арқасында дүние жүзіндегі мыңдаған зағип азаматтар білім алды және жүйе меңгерілу барысында түрлі мамандықтарды игеріп, күні бүгінге дейін пайдаланып келеді. Осы орайда француздың тифлопедогогы Луй Брайльдің туған күніне орай арнаулы кітапханада «Брайль жүйесі қазіргі ақпараттық қоғамда» атты кең көлемде кітап көремесі ұйымдастырылды. Көрмеге Брайльдің өміріне арналған әдістемелік құралдар браил қарпінде жазылған журналдар, кітаптар қойылып келген оқырмандарға таныстырылды.