«Киелі мекен - Қызылорда» Қызылорда облысының құрылғанына 85 жыл толуына орай көлемді кітап көрмесі.
Қазақ халқының тарихында Сыр елінің алар орны ерекше. Оның әр уыс топырағы, әр бұтағы, әр тасы мен таңбалары шежіреге, сырға толы екені сөзсіз.
Осы орайда бүгін Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасында Қызылорда облысының 85 жылдығына орай «Киелі мекен – Қызылорда» атты тұрақты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрме үш бөлімнен тұрады.
1.Сыр алаштың анасы, қазақтың панасы.
2.Ел үшін туған ерлер.
3.Сыр өңірі – көне дәуір шежіресі.
Кітап көрмесіне Елубай Қосжановтың «Киелі мекен», Б.Досмамбетовтің «Қызылорда», «Сыр елі» энциклопедиясы сонымен қатар «Жүректегі жауһарлар», «Сыр өңірі тарихы», «Сыр ескерткіштері», М.Әміреұлының «Сыр әуендері», «Бұқарбай батыр», «Жанқожа батыр», З.Шүкіровтің «Сыр бойы» тарихи шығармасы, Б Сәрсенбаевтың «Өмірдің өзі өнеге» өлеңдер жинағы және Т.Ізтілеуовтің шығармалары мен мерзімді басылымдар беттерінде жарық көрген мақалалар қойылып таныстырылды.