«Әлемді жүрегіммен сеземін»13 қараша – Халықаралық зағиптар күніне орай әдеби-әуезді кеш.
Бүгін, 13 қараша - Халықаралық зағиптар күніне орай Шиелі аудандық орталықтандырылған кітапханасының жанынан ашылған "Жанарсыз да жарық әлем" клубының ұйымдастыруымен «Әлемді жүрегіммен көремін» атты әдеби-әуезді кеш болып өтті. Кешті Шиелі аудандық орталықтандырылған кітапхана директоры Г.Жақыпова ашып сөз кезегін алды. Шараға №244-ші қазақ орта мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі С. Әуезханова және оқушылары Х.Нұрман, Б.Сұңғатқызы, А. Жолдасбек, А.Серікханова, Д.Жұмабай қатысты. Оқушылар 1топ көз мүгедегі Серікбол Шайықовтың өлеңдерін нақышына келтіріп оқыса, С. Әуезханова және Х.Нұрманның орындауында «Жаса қазағым», «Мерекем» әндері шырқалды. Шараға «Нартай» өнер мектебінің басшысы М. Бекпейісов қатысып зағип жандарға жылы лебізін білдіріп әннен шашу шашты.
Кеш соңында «Аян» сауда орталығының иесі, кәсіпкер Қуаныш мырза зағип жандарға демеушілік жасап сый-сияпатын тарту етті. Шараға қатысушыларға кітапхана басшысы Г. Жақыпова Алғыс хаттар табыстады.