«Арнаулы кітапханалардың дамуында инклюзивті қоғам қалыптастырудың жолдары» облыс көлеміндегі көз мүгедектеріне қызмет көрсететін кітапхана қызметкерлерінің қатысуымен семинар.
Бүгін Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасының ұйымдастыруымен 13 қараша Халықаралық зағиптар күніне орай «Арнаулы кітапханалардың дамуында инклюзивті қоғам қалыптастырудың жолдары» атты облыстық семинар болып өтті. Семинардың негізгі мақсаты мүгедектігі бар жандардың өмір сапасын жақсарту, жаһандық өзгерістер дәуіріндегі мүмкіндіктерді пайдалана отырып ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету, зағип жандарға ақпараттық ресурстарға өз деңгейінде қолжетімділігін арттыру. Осы орайда аудан көлеміндегі зағип оқырмандарға кітапханалық қызмет көрсететін мамандармен бірлесе отырып жоғарыда айтылған мақсаттарды жүзеге асыру үшін қандай жұмыс тәсілдерді қолдану керек, кітапханаға оқырманды тартуда қандай шаралар ұйымдастырылуда деген тақырыптарда сөз өрбіді. Семинар барысында «Дүниені жүрек көзімен көрген» атты тренинг өтті. Тренингте ауданнан келген кітапханашылар зағип азаматтың бір күндік өмір тіршілігін сезіну мақсатынды түрлі кедергілерден өтіп, дәндерді, жемістерді ажыратты. Шара концерттік бағдарламаға ұласты.