Алаштың арда азаматы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерей тойына және 5 қыркүйек Қазақстан халқы тілдер күніне орай «Тіл ғұмыры - ұлт ғұмыры» атты поэзия кеші.
Алаш арысы Ахмет Байтұрсынұлының: «Сөзі жоғалған ұлттың өзіде жоғалады» - деп көрегендікпен айтылған сөзіне бүгінде жер бетінен мәңгілікке жойылып кеткен баршама ұлттардың тағдыры куә. Биылғы жыл халқымыздың көрнекті қоғам қайраткері, кешегі Абай, Ыбырай, Шоқан салған ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы ірі ғалым, көсемсөз шебері, әдебиет зерттеуші, дарынды ақын – аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына мерейлі 150 жыл толып отыр. Осыған орай Қызылорда облыстық зағип және наашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасында Алаштың арда азаматының 150 жылдық мерей тойына және 5 қыркүйек Қазақстан халқы тілдер күніне орай «Тіл ғұмыры - ұлт ғұмыры» атты поэзия кеші ұйымдастырылды.
Сонау қылышынан қан тамған қаһарлы жылдары жазықсыз мыңдаған адамдар «Халық жауы» деген жаламен айыпталып, жер аударылып кетті. Тағдыр толқындарынан, қайғы-қасірет сілкіністерден, тар жол тайғақ кешулерден өткен, репрессия құрбаны болған А. Байтұрсынұлына арналған «Ахмет Байтұрсынов – қазақ халқының ұлы көсемі» атты слаид көрсетіліп, «Ахмет Байтұрсынов - Ұлттың ұлы ұстазы» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.
Кеш кітапхана оқырмандары мен С.Сейфулин атындағы №4 IT лицей мектеп оқушыларының қатысуымен болып өтті. Жас оқырмандарымыз А. Байтұрсыновтың шығырмаларынан үзінділер оқылды.