» » Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты жолдауын насихаттау мақсатында дауыстап оқу

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты жолдауын насихаттау мақсатында дауыстап оқу

     Бүгін Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапхана қызметкерлерінің қатысуымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам»  атты жолдауын насихаттау мақсатында дауыстап оқу болып өтті.
Президент Жолдауында Еліміздің дамуы үшін маңыздылығы жоғары  негізгі бағыттары – ел экономикасын жандандыру және әлеуметтік проблемаларды шешу болды.
Өз жолдауында Мемлекет басшысы елімізде жүргізіліп отырған Конституциялық реформаның негізгі бағыты – саяси және әлеуметтік жүйені жаңғырту арқылы әділетті Қазақстанды құру екендігін атап өтіп, халқымыздың әл-ауқатын арттыру, тұрмысы төмен және мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жағдайын жақсарту бойынша бірқатар тапсырма жүктеді. Мемлекеттің тұтастығы мен ұлт құндылықтарын сақтап қалу үшін ел бірлігінің маңызды екендігіне тоқталып, өз ұстанымындағы тарихи жауапкершіліктің салмағын да айқын аңғартты.
Шараға қатысушылар Президент Жолдауы еліміздің жарқын болашағының кепілі екенін атап өтіп, өз ойларын ортаға салды.
16 қыркүйек 2022 ж.. 264
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам