«Ата заң – рухани жаңғыру тірегі» атты салтанатты кеш және «Мектепке жол» акциясы
2019 жылдың 27 тамыз күні Қызылорда облысының зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасында ҚР Конституция күніне орай «Ата заң – рухани жаңғыру тірегі» атты кең көлемде салтанатты кеш болып өтті.
Кештің мақсаты:
- Оқырмандарға Ата Заң жайлы ұғым, түсініктерін қалыптастыру;
- Қазіргі қоғамдағы Конституцияның ролі;
- Қазақ қоғаммының Конституцияларының ерекшеліктеріне атап өту;
- Қазақстанның жетістіктеріне оқырмандар назарын жеткізу;
- Қазақстанның дамуындағы Тұңғыш Президенті, Елабасы Н.Ә.Назарбаевтың еңбегін атап өту.
Кеш қонақтары: Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, белгілі дипломат, саясаткер Ержан Убайдаұлы Уайс, ақын, Құрмет орденінің иегері, Қызылорда облысының құрметті азаматы, Қоғам ТВ телерадиокомпаниясының құрылтайшысы Әбдікәрімов Шакизада Өтетілеуұлы, ҚС қоғамының оқу өндірістік кәсіпорын директоры Асқар Қолдабеков
Кеш қонақтарына және оқырмандар назарына оқу залында «Ата Заң – алтын тұғырымыз» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, Ата Заңымыздың шығу тарихына арнайы дыбысталып дайындалған видеоролик көрсетілді. Арнаулы кітапхана директоры Е.Ж.Алданазаров кіріспе сөзінде Ата Заңымыздың шығу тарихына, коғамдағы ролі туралы айтып берді. Кеш қонақтары ҚР Конституциясының маңыздылығын, Ата Заңымыздың ерекшеліктерін, Қазақстанның қазіргі кездегі жетістіктеріне, Қазақстан Республикасының дамуындағы ҚР Тұңғыш Президент, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың атқарған еңбектеріне толық тоқталып өтті.
Сонымен қатар кеш барысында «Мектепке жол» акциясы аясында мүмкіндігі шектеулі зағип оқырмандардың балаларына қамқорлық ретінде белгілі кәсіпкерлердің демеушілігімен және кітапхана ұжымының атынан дайындалған төрт мектеп оқушыларына мектеп құралдары табыс етілді.
Кеш соңы мерекелік концерттік бағдарламаға ұласты.