» » «Қазақ әдебиетінің нар тұлғасы» атты офлайн портрет кеші.

«Қазақ әдебиетінің нар тұлғасы» атты офлайн портрет кеші.

Бүгін Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға  арналған арнаулы кітапханасының  ұйымдастыруымен    Халық ақыны мемлекеттік сыйлықтың иегері  Ш.Мұртазаның  90 жылдығына орай «Қазақ әдебиетінің нар  тұлғасы»  атты офлайн портрет кеші өтті.
Шерхан Мұртаза өзінің шығармаларында адам бейнесін табиғаттың сұлулығымен астастыра отырып, өте көркем бейнелейді әрі әр кейіпкердің ойын терең түсіне отырып, адам мен табиғаттың тынысы бір екенін көрсете білген жазушы.
Ш. Мұртаза прозасының аса бағалы қасиеті, артықшылығы – онда ешқандай жасандылықтың ізі жоқ. Қысылмай қымтырылмай, шабыттың қуатымен тебіреніп еркін сөйлеу, жан-тәнімен сезінген, жүрек жарды ойтолғамын ортаға салу, боямалап, әшекейлемей, ақтарыла адал айтатыны – міне, Шерхан шығармашылығының адамды баурап алатын ерекше тартымдылығы алдымен осы қасиеттерінде.
Сұңғыла суреткер бүкіл бір тарихи дәуірдің тынысын айқын аңғартып, аса маңызды әлеуметтік мәселелерді терең толғайды. Осы кең мағынасында Ш. Мұртазаның барлық шығармасынан заман шындығын, сан алуан өмір құбылыстарының кескін бейнесін айқын көре аламыз.
 Оның жазған романдары мен хикаяттары, қиссалары мен басқа да публицистикалық шығармалары қазақ оқырмандарының өлшеусіз байлығына айналады. Алаш рухының айбынын асырған аңыз тұлға есімі  мәңгі есте сақталады.
15 тамыз 2022 ж.. 285
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам