«Кітап – сарқылмас қазына» атты аспан астындағы көшпелі кітап көрмесі.
Кітап – адамның жан дүниесінің асыл қазынасы, рухани байлықтың өлшемі. Ол – адамзат үшін ғасырдан ғасырларға жалғасып қызмет етіп келе жатқан ғылым мен өнердің, соның ішіндегі сөз өнерінің туындысы. Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің IV отырысында балалар мен жасөспірімдер арасындағы оқу мәселесінің маңыздылығын атап өтті және бұл мәселедегі кітапханалардың мәртебесіне назар аудара отырып, еліміздің барлық тұрғындарын ұрпақты тәрбиелеуге шақырды. Осы орайда үстіміздегі жылдың 25 шілдесі күні Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасы балалардың жазғы демалысын тиімді өткізу мақсатында қалалық демалыс паркінде «Кітап – сарқылмас қазына» атты аспан астындағы көшпелі кітап көрмесін ұйымдастырды. Жас оқырмандар көрнекті, қызықты кітаптарға қызығушылық танытып кітап оқыды. Жеті жаңа оқырман кітапханаға оқырман болып тіркелді. Шараның мақсаты жас ұрпақтың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, білімге құштарлығын ояту уақыттарын тиімді пайдалануға атсалысу.