«Елорда – айбынды Ақ ордам» 6 шілде Елорда күніне орай мерекелік шара.
Сарыарқа төсінен бой көтерген Елорда бүгінде еліміздің мақтанышына, даламыздың көркіне айналып, астанамызға қатысты маңызды шешімдер қабылдайтын мемлекетіміздің саяси орталығы ғана емес, ұлттық рухымызды ұйытып отырған рухани ордамызға да айналып отыр. Осы орайда бүгін Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасы және клуб қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 6 шілде Елорда күніне орай «Елорда-айбынды Ақ ордам» атты мерекелік шара болып өтті.Шара Ғабиден Қожахметтің «Тарихтан қаланған бүгінім – Елордам» атты өлеңімен ашылып, сүйікті қаламызға арнап жазылған композиторларымыздың әндері орындалды. Болашақтың қаласына арналып жазылған өлеңдерді кітапхана оқырмандары оқып кештің әсерлі өтуіне септігін тигізді.