«Күмбірлеген домбыраның сазды үні» Шілденің бірінші жексенбісі «Домбыра күні» болып жариялануына байланысты өнер сағаты.
Абайдың даналығы, Әуезовтің ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күйлері, ғасырлар қойнауынан бізге жеткен бабалар үні, баға жетпес мұрамыз. «Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз бен мәдениетіміз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс. Осы орайда бүгін Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасының ұйымдастыруымен «Домбыра күніне» орай «Күмбірлеген домбыраның сазды үні» атты мерекелік кеш болып өтті. Домбырадан таралған тәрбие білімнің қайнаған бұлағына, сарқылмас қазынасына, қазақ дәстүрін дамытуға өз үлесін қосып келе жатқан үрдіске бағыттауды мақсат еткен шараға кітапхана оқырмандары және өнерпаз жастар қатысты. Құрманғазы Сағырбайұлының, Дина Нұрпейісованың, Дәулеткерейдің күйлері орындалып кештің әсерлі өтуіне атсалысқан жас өнерпаздар Алғыс хаттармен марапатталды. Қазақ мәдениетін биік тұтатын осындай жас орындаушыларымыз барда қазақ өнері, қазақ халқы мәңгі жасай береді.