«Ұлт тілін ұлықтаған ақын» белгілі ақын, мемлекет және қоғам қайраткері М.Шахановтың 80 жасқа толуына орай әдеби-әуезді кеш.
Бүгін көз мүгедектеріне арналған арнаулы кітапханасының ұйымдастыруымен қазақтың біртуар ұлы, қазақ поэзиясында өзіндік орны бар дара ақын, мемлекет және қоғам қайраткері Мұхтар Шахановтың 80 жасқа толуына орай «Ұлт тілін ұлықтаған ақын» атты әдеби-сазды кеш болып өтті. Шараны кітапхана басшысы Бауыржан Мыңжасарұлы ашып, өткен аптада ғана Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ұсынысымен ақын Мұхтар Шахановқа «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілгенін және Еліміздің ең жоғарғы марапатын ақынға Ұлт ұясы – Ұлытаудың төрінде тапсырылғандығын мақтанышпен атап өтті. Тақырыпқа сай кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандарға таныстырылды. Жыр құдіретін, тіл шұрайын, тарихи шындықты, сөз өнерімен өрнектелген әсемдікті жастардың бойына сіңіруді мақсат тұтқан шара өз деңгейінде өтті. Шара барысында ақынның өлеңдері оқылып, әннен шашу шашылды. Ұлттың мүддесін өз мүддесіне жоғары тұтқан ақын ағамыздың құнарлы да құнды шығармалары қазақ барда өз төрінен түспек емес...