«Өмірін өнерімен жұбатқандар» атты қолөнер шеберлерінің көрмесі
Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасының оқу залында 19 маусым күні Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын насихаттау мақсатында «Өмірін өнерімен жұбатқандар» атты зағип оқырмандар арасында қолөнер шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылды. мақсаты - зағип оқырмандарды шығармашылық таланттарын таланттарын шыңдау. Сонымен қатар, ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Көрмеге кітапхана оқырмандары қолөнер шеберлері I –топ көз мүгедектері А.Бекжанова, А.Нұрлиева, Ш.Таженова, Қ. Мылтықбаевалардың қолөнер бұйымдары көрмеге қойылды. Қолөнер көрмесін кітапханашы Р.Жақыпова таныстырып өтті.