«Желбіре көк байрағым, көпке айғағым» 4 маусым - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығына орай мерекелік шара.
Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі. Рәміздер – халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу, тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Әр қазақ баласы үшін тәуелсіздіктен терең, азаттықтан асыл ұғым жоқ. Осы орайда бүгін Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығына орай «Желбіре көк байрағым, көпке айғағым» атты мерекелік шара болып өтті. Шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранын орындаумын ашылды. Шараны ҚСҚ басқармасының төрағасы Асқар Сайлауұлы мен арнаулы кітапхана директоры Бауыржан Мыңжасарұлы жиналған оқырмандарды ұлы мерекелерімен құттықтады. Шара барысында патриоттық тақырыпта өлеңдер оқылып, әндер орындалды. Мемлекетіміздің әнұранына сыйғызылған мың жылғы тарихымыз мәңгілік, көк байрағымыз тұғырлы болсын...