📍 Қызылорда қ., Сұлтан Бейбарыс к-сі, 1 ☎️ +7 (7242) 40‒07‒28 ✉️ library@example.kz
Q&A
» » «Болашаққа қадам» атты дауыстап оқу

«Болашаққа қадам» атты дауыстап оқу


17 маусымда Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасының оқу залында ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың елдің әл-аухатын жақсартуға бағытталған 10 негізгі бағыттары бойынша  «Болашаққа қадам» атты дауыстап оқу өткізілді.

Мақсаты:  Халықтың табысын арттыру мәселесі, азаматтарымыздың өз елінде алаңсыз өмір сүріп,  еңбек етіп,   ұрпағын тәрбиелеуіне  жол ашуы.

Кітапханашы П. Кошқарова – ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың  10 бағыт бағдарламасын дауыстап  оқып, әр бөліміне  түсініктеме беріп оқу  залында   «Болашаққа   қадам»  атты  тұрақты кітап көрмесімен  таныстырды.

Оқырмандар: Т.Абилкасымова, М.Амиров, А.Нүрлиевалар ел болашағын баянды ететін  бұл бастамаларды  жүзеге асыруға күллі ел болып ат салысуымыз керек деп сенімдерін білдірді.