📍 Қызылорда қ., Сұлтан Бейбарыс к-сі, 1 ☎️ +7 (7242) 40‒07‒28 ✉️ library@example.kz
Q&A
» » «Менің елім Тәуелсіз Қазақстан» 2022 жыл - Балалар жылы болып аталуына орай және 1 маусым – балаларды қорғау күніне орай мүмкіндігі шектеулі балалар арасында сурет салудан сайыс.

«Менің елім Тәуелсіз Қазақстан» 2022 жыл - Балалар жылы болып аталуына орай және 1 маусым – балаларды қорғау күніне орай мүмкіндігі шектеулі балалар арасында сурет салудан сайыс.

Жас ұрпақ тәрбиесі – адамзаттың елеулі тақырыбы. Ұлттың бүгіні де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты. Кез келген халық ұрпақ тәрбиесін –  ұлт тағдыры, ұлт болашағы деп біледі. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «2022 жыл – Балалар жылы» деп атауы осындай игі істердің бастамасы болды. Осы орайда, Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасы 2022 жыл - Балалар жылы болып жариялануына және 1 маусым-Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Менің елім Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбында  сурет салудан сайыс өткізді.

Шараның мақсаты балалардың төл мерекесі, 1-маусым халықаралық балалардың құқығын қорғау күнін балаларға сезіндіру. Балаларға мерекелік көңіл күй сыйлай отыра шығармашылық қабілетін арттыруға атсалысу. Шара балалардың қатысуымен концерттік бағдарламаға ұласты. Өнерлі өрендерге сусындар мен балмұздақтар таратылды.