«Азалы тарихқа айрықша тағзым» 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай тарихи-таным кеші.
Бүгін Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасының ұйымдастыруымен 31 мамыр Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Азалы тарихқа айрықша тағзым » атты тарихи-таным кеші ұйымдастырылды. Өткен ғасырдағы елдің басынан кешкен қиындығы мен ауыр тағдырын адам басына бермесін. Өйткені, солақай саясаттың салдарынан ұлттың жойылып кету мәселесі тұрды. Бірақ, Алаш арыстары жазықсыз жаламен репрессия құрбанына айналып, ал олардың әйелдері халық жауының жары ретінде лагерлерге жабылып қанша қиындықтарды бастарынан өткерсе де, халықтың рухы сынбай, бірлігі бұзылмай ұлт ретінде сақталып қалды. Шара барысында оқырмандар қайғылы деректерге тоқталып, халқымыздың батыр тұлғалары туралы кеңінен әңгіме өрбітті. Тарихта, ұлтымыздың тарихында өз қолтаңбасын қалдырған бұл қайғы қасіретті болашақ ұрпақ ешқашан ұмытқан емес, ұмытпайды да. Ұлтымызға жасалған үлкен соққымен, тарихымыздың ақтаңдақтарымен және де тәуелсіздік жолында құрбан болған тұлғалардың көздеген мақсаттары орындалып, қазір біз Тәуелсіз Қазақстан ұрпақтарымыз. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, Туымыз мәңгілік биікте болғай...