«Байқоңыр – ғарыш есігі» атты Байқоңыр ғарыш айлағының ашылу тарихына ақпарат сағат.
Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасының Шиелі ауданындағы бөлімшесінің ұйымдастыруымен «Байқоңыр ғарыш есігі» атты ақпарат сағат өткізілді. Мақсаты: Қазақ еліндегі Байқоңыр ғарыш айлағының тарихы жайлы және қазақ елінде тұңғыш ғарышкерлер туралы мәлімет беру. Шараға №45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясының оқушылары қатысты.Ақпарат сағатында 1961 жылы 12 сәуірде Қазақстанның Байқоңыр аймағынан тұңғыш космос кораблі ғарышқа аттанғандығы жайлы және Юрий Гагарин – әлемнің тұңғыш ғарышкері, ал Байқоңыр – ғарыш айлағының тарихы туралы слайд көрсетілді. Солардың ішінде Қазақ елінің батырлары, ұшқыш-ғарышкерлер: Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев және Айдын Айымбетовтер де бар. Олардың есімдері Қазақстан тарихы бетіне алтын әріптермен жазылды. Шара барысында кітапханашы оқушыларға ғарыш пен алғашқы ғарышкерлер жәйлі мәлімет беріп өтсе, кітапхананың тұрақты оқырманы Қазақстан Республикасының ғарышкерлері жәйлі баяндамасын оқып, баяндап берді.