21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне орай «Мәдениеті биік елдің мәртебесі жоғары» атты мерекелік шара
Мәдениет – ұлттың мәйегі. Өнер – халықтың қазынасы, ұлттың құндылығы. Мәдениет – ең алдымен жәдігерлік. Әр халықтың дүниетанымы, рухани байлығы, тыныс – тіршілігі, салт – дәстүрлері дәл осы мәдениет деген асыл ұғыммен ұштасып жатыр. Міне осы орайда бүгін Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасында 21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне орай «Мәдениеті биік елдің мәртебесі жоғары» атты мерекелік шара ұйымдастырылды. Шараны ҚСҚ Қызылорда облыстық Оқу өндірістік кәсіпорын директоры Дүйсенбек Әубәкір Бейсенұлы және арнаулы кітапхана директоры Арысбаев Бауыржан Мыңжасарұлы ашып кітапхана қызметкерлерін мейрамдарымен құттықтап Алғыс хаттармен марапаттады. Мерекелік шараны Белоруссиядан Арт парад Гран при, Чехиядан Даймонд войс Созвездие добра Гран при және Бриллиант дауыс иегері Төлеубай Дінмұхаммед Ағабекұлы әннен шашу шашып, клуб қызметкерлері және кітапхана оқырмандарының қатысуымен концерттік бағдарламаға ұласты. Мәдениетіміз биік, мәртебеміз жоғары бола берсін...