«Жанымның нұры жанарым» атты әдеби әуенді кеш
13 маусымда Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасында I –топ көз мүгедегі кітапханашы А.Нүрлиеваның әдеби-әуенді кеші ұйымдастырылды.
Кешті кітапхана директоры Н.Ж.Бақтияров ашып кітапханашы А.Нүрлиеваның өмірге, өнерге деген талпынысын әрі қарай ұштастыра беруіне тілектестігін білдіріп, Алғыс хатпен марапаттады.
Мақсаты: : мүмкіндігі шектеулі жандардың салауатты өмір сүру салтын насихаттау, шығармашылық қабілеттерін шыңдау және өмірде, өнерде бір-бірімен белсене араласуына көмек көрсету. Өңір мәдениетінің дамуы мен өркендеуіне, ұлттық рухта жас оқырмандардың патриоттык сезімін ояту.
Кешті кітапханашы П. Кошкарова жүргізіп отырды. Өзгеше әсемдік сезімі мен дарынды қабілетке ие нәзік жанды кітапханашы «Ғажайып нүкте» үйірмесінің жетекшісі Ақмарал «Жанымның нұры жанарым» атты әдеби әуенді кешінде тек әнмен ғана шектелмей ақын жазушыларымыздың өлеңдерінен де бірнеше өлең жолдарын жатка айтып өтті. Кеш қонақтар А.Нұрлиеваға ақ тілектерін айтып биік шыңдардан көріне беруіне тілектестіктерін білдірді. Кеш соңы Қазақ Соқырлар қоғамы клубының қызметкерлерінің қатысуымен концерттік бағдарламасына ұласты.