Деструктивті діни идеологиялардың таралуы профилактикасы бағытында «Жастар және дін» атты дөңгелек үстел.
Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасының ұйымдастыруымен 13 мамыр күні « Жастар және дін » атты / Деструктивті діни идеологиялардың таралуы профилактикасы бағытында /Дөңгелек үстел болып өтті.
Шараға Хазірет Әбу Бәкір мешітінің бас имамы Садықыв Жеңіс Нұрыллаұы қатысып, дінге байланысты жастарды тәрбиелеуге, тәні сау және рухани бай жастар ортасын қалыптастыру үшін қолайлы жағдайлар жасауға ерекше көңіл бөліну керектігіне тоқталып өтті.
Мақсаты: - жастарға қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға көнбеуге және бейбітшілік пен мейірімділік, ізгіліктің маңызын түсіндіре отырып, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Әлемдегі қазіргі діни ахуалдың ушығып күрделі әрі сан саналы болып тұрғандығы бәрімізге мәлім. Осы ретте қоғамда, ең алдымен, жастар ортасында діни экстремизмнің алдын алуды күшейту қажеттілігі туындап отыр. Қазақ жастары үшін дәстүрлі дінімізден бас тартып, басқа дінді қабылдауы кері әсерін тигізетіні анық.
Шараға қатысушылар әлемге әйгілі болған лаңкестік оқиғалар, деструктивті діни ағымдар туралы өз ойларын ортаға салып, пікірлерімен бөлісті. Алайда біз өз мүмкіндігіміз қабілетімізді, ықпалымызды пайдаланып, жастарымызды, өскелең ұрпақты жат ағымдардың идеологиясынан сақтап қалуымыз қажет.