» » 23 сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күніне орай «Кітап ғасырлар – шежіресі» атты әдеби кеш.

23 сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күніне орай «Кітап ғасырлар – шежіресі» атты әдеби кеш.

Кітап – сарқылмас рухани байытатын, ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына. Осы орайда бүгін Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасында  23 сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күніне орай «Кітап ғасырлар – шежіресі» атты әдеби кеш ұйымдастырылды. Шараға №5, №8 мектеп-интернат оқушылары қатысып тақырып аясында өлеңдер оқып, әндер орындады. Сонымен қатар  №5 мектеп-интернат оқушыларының жасаған қолөнер бұйымдарынан көрме жасалып оқушыларға таныстырылды.            Шараның мақсаты кітаптың адам өміріндегі маңызы мен білімнің      пайдасы жөнінде айту, жас ұрпақтың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, білімге құштарлығын ояту және кітапты таза ұстауға, бағалауға тәрбиелеу. білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Шара аясында викториналық сұрақтар қойылып,  белсенділік танытқан оқушылар  Алғыс хаттармен марапатталды.

22 сәуір 2022 ж.. 955
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам