«Сән мен дәстүр бастауы» атты ұлттық киім және қолөнер бұйымдарының көрмесі.
Байтақ даланы мекендеген байырғы бабалардан мирас болған құндылықтарымыз өнердің өміршең екенін көрсетті. Ұлы дала бойының бойтұмары, тал бесіктен жер бесікке дейінгі қазақ дәстүрі сайын сахарада сан мың жылдар бойы сүзгісінен өткен салт-дәстүріміз, қөлөнеріміз өзінің құндылығын жоймай ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын тауып келеді.
Осы орайда бүгін Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасында Наурыз мерекесіне орай «Сән мен дәстүр бастауы» атты ұлттық киім және қолөнер бұйымдарының көрмесі өтті.
Қазақтың қадірлі қолөнерін жалпақ жұртқа насихаттау мақсатында өткен шараға №5 көзі әлсіз көретін балаларға арналған мектеп-интернат оқушыларының және кітапхана оқырмандарының қолөнер бұйымдары қойылды. Көрмені тамашалауға қаламыздағы №8 мектеп-интернат оқушылары қатысты. Шараға соңында қолөнер шеберлері Алғыс хатпен марапатталды.