«Өмір гүлі Аналар» атты мерекелік шара.
8 наурызда бұл күн ақ жаулықты аналар, апалар, аяулы қыздардың мерекесі. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар – өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Осы орайда ардақты да аяулы аналарымыздың құрметіне 5 наурыз күні Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасының ұйымдастыруымен Қазақ соқырлар қоғамының клубында «Өмір гүлі Аналар» атты мерекелік шара өткізілді. Шарада аяулы аналарға арналып өлеңдер оқылып, әндер орындалды. Аналарға қандай құрмет көрсетсек те сыйымды, олай болса әр үйдің діңгегі болып отырған аналарымыз аман болсын. Аналар аялайтын ұрпағымыз көп болсын демекпіз.