» » «Бақытты бала – бақытты ел» атты кітап көрмесінің ашылуы.

«Бақытты бала – бақытты ел» атты кітап көрмесінің ашылуы.

Кітап – берген ақылына ақы сұрамайтын, адамды рухани байытатын, әдебиет әлеміне бойлататын баға жетпес қазына. «2022 жыл Балалар жылы» болып жариялануына байланысты 23 ақпан күні Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасы қаламыздағы №8 арнаулы санаториялық мектеп-интернат оқушыларын қатыстыра отырып «Бақытты бала – бақытты ел» атты кітап көрмесінің ашылуын өткізді.

Кітапхана мамандары балаларға шын көңілден шаттық көңіл – күй сыйлау және кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімның пайдасы төңірегінде әңгіме өрбітті. Жалпы оқырманның кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған шара өз деңгейінде өтті.

23 ақпан 2022 ж.. 493
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам