«Ауғанстан алауы жадымызда» атты кездесу кеші.
Қызылорда облыстық зағип және көзі нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасында Кеңес әскерлерінің ауған жерінен шығарылғанына 33 жыл толуына орай «Ауғанстан алауы жадымызда» атты кездесу кеші болып өтті.
Жастардың зұлмат соғыс жайында ардагерлердің өз аузынан естуі өзекті. Кездесуге мектеп оқушылырыда белсене қатысып, от пен оқтың арасынан аман-есен елге оралған ержүрек азаматтардың қилы тағдырлары жайында мәліметтерге қанығып, өздерінің пікірлерін де ортаға сала отырып емен-жарқын əңгіме өрбіді.