📍 Қызылорда обл., Қызылорда қ., Жургенова к-сі, 64а ☎️ +7 (7242) 23‒37‒08 ✉️ bnsg_kizilorda@vmail.kz
Q&A
» » «Туым – теңдігім, Елтаңбам – елдігім, Әнұраным – айбыным» атты ақпарат сағаты

«Туым – теңдігім, Елтаңбам – елдігім, Әнұраным – айбыным» атты ақпарат сағаты


Арнаулы  кітапхананың  оқу залында   4 маусым Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай   «Туым – теңдігім, Елтаңбам – елдігім, Әнұраным – айбыным» атты ақпарат сағаты болып өтті. 

Мақсаты:  Оқырмандарға  Қазақстан Республикасының рәміздері туралы түсінік беру, елін, жерін, тілін, қазақ елінің рәміздерін құрметтеуге тәрбиелеу. 

Мәдени шараға  кітапханамыздың белсенді оқырмандары қатысып, әдеттегідей еліміздің Әнұранымен  кешімізді ашып,  № 4 мектептің оқушылары Аманжол Айда, Алмасұлы Серік ақындардың өлеңдерн оқып берсе,   кітапханашы Нүрлиева  Ақмарал  «Көк тудың желбірегені» әнін нақышына келтіре орындады.  «Туым - теңдігім, Елтаңбам - елдігім, Әнұраным - айбыным» демекші, Тәуелсіз еліміздің көкбайрағы, Елтаңбасы мәңгілік болып, биіктерден көріне берсін демекпіз. Шара І топ көз мүгедегі Нұрымбетов  Даниярдың орындауында  Е. Хасанғалиевтың «Атамекен»  әнімен қорытындылады. Кеш өз дәрежесінде өтті.