ҚР Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығы аясында «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық құндылық» кітап көрмесі.
Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығына орай «Мемлекеттік рәміздер-ұлттық құндылық» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Мемлекеттік рәміздер – мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі. Ұлтымыздың рухын, салт – санасын, халқымыздың қаһармандығы мен даналығын, болашаққа арман – тілегін, үмітін жеткізетін киелі құндылықтар.
Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтудің басты негізі – Отанға деген сүйіспеншілікті, ұлтқа деген патриотизмді қалыптастыру, ел идеяларын кеңінен дәріптеу және дамыту. Мемлекеттік Ту, Елтаңба, Әнұранға деген терең құрмет сезімін қалыптастыру.
Болашақ ұрпақтың бойына Отанға деген адалдықтың бір белгісі саналатын – Мемлекеттік рәміздерімізді қадір тұту қасиетін дарыту біздің басты міндетіміз.
Көрмеге Ата Заңымыз «Қазақстан Республикасының Конституциясы», Ж. Мәлібекұлының «Қазақстан Елтаңбасы. Герб Казахстана. State Emblem of Kazakһstan», Ы.Сағынтаевтың «Қазақстан Республикасының рәміздері», Е.Шаймерденовтың «Қазақ елінің рәміздері» мен «Елтану әліппесі» т.б мемлекеттік рәміздердің тарихы мен маңызы турасындағы кітаптар, фотоальбомдар қойылд ы.