» » «Жемқорлыққа жол жоқ» кітап көрмесі.

«Жемқорлыққа жол жоқ» кітап көрмесі.

Қазіргі таңдағы мәселелердің бірі — қоғамдағы сыбайлас жемқорлық. Осы келеңсіз құбылыстың үдеп бара жатқаны ұрпақ тәрбиесіне зиян әкелетіні бәрімізді алаңдатады. Бұл мәселеге тереңірек үңілетін болсақ, сыбайлас жемқорлық ел болашағына, ұлттық қауіпсіздікке үлкен зиянын тигізеді. Яғни, осы келеңсіз құбылыспен күресу барша халықтың алдында тұрған ортақ мәселе екені айқын.

Осыған байланысты Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасының ұйымдастыруымен «Жемқорлыққа жол жоқ»  атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Көрменің мақсаты:Жемқорлықтың  пайда болу себептерін және қоғамға келтірілген зиянды түсіндіру  арқылы сыбайлас жемқорлыққа теріс көзқарасты қалыптастыру, ар-намыс пен адалдықтың, беделдің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің маңыздылығын сезіну.

Кітап көрмесіне Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық деңгейі, сыбайлас жемқорлықтың салдары, сыбайлас жемқорлықтың қоғам өмірінің түрлі салаларына тигізетін кері әсері туралы  айтылған басылым беттеріңдегі материалдар қойылды.

06 қаңтар 2022 ж.. 590
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам