"Таразға түскен тағдырлар" атты лекция
Арнаулы кітапхананың оқу залында 31 мамыр қуғын сүргін құрбандарын еске алу күніне орай "Таразға түскен тағдырлар" атты лекция болып өтті.
Мақсаты - Зұлмат жылдардың оқиғасын, оның жазықсыз құрбаны болған азаматтардың есімдерін ұмытпау, оларды мәңгі есте сақтау, қуғын-сүргінге ұшыраған халықтардың тарихын таныстыру.
Шараны кітапханашы Бекенова Айна ашып берді. Мәдени шараға Мәншүк Мәметова атындағы педогогикалық жоғары колледжінің оқытушысы Қиынбаева Мереуерт қатысты. Қазақ Соқырлар Қоғамы оқу-өндірістік кәсіпорын директоры Қолдабеков Асқар, кітапхана оқырмандары Оралбайұлы Аман, Тайманов Шыңғыс және кітапханашы Нүрлиева Ақмарал сөз сөйлеп зұлмат жылдардың оқиғасын қайталанбауын, қазіргі жастарымыздың ендігі жердегі борышы - осы қанқұйлы жылдардың оқиғасын, оның жазықсыз құрбаны болған азаматтардың есімдерін ұмытпау, оларды мәңгі есте сақтау болып саналады деді.