«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» атты дөңгелек үстел
29.05.2019 жылы арнаулы кітапханада «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» атты дөңгелек үстел болып өтті. Шараға «НұрОтан» НОМАТ бастауыш партия ұйымының төрағасы Қарғабай Ғани Болатұлы қатысып қоғамды дендеп бара жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы лекция оқыды. Қазіргі таңда мемлекет тарапынан жемқорлыққа қарсы күрес мақсатында ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатқандығын және сыбайлас жемқорлыққа қатысты мәселе әрқашан басты назарда қала береді деп өз сөзін түйіндеді. Кітапхана оқырмандары Дәрібаева Нәписа апай мен Бименов Ролан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында өз ойларын ортаға салып, ойларында жүрген сұрақтарын қойып маманнан кеңес алды.