» » Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына орай «Тұғыры биік – Тәуелсіздік» Желтоқсан оқиғасына қатысушыларымен кездесу кеші.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына орай «Тұғыры биік – Тәуелсіздік» Желтоқсан оқиғасына қатысушыларымен кездесу кеші.

16 желтоқсан – ата бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні. 1991 жылғы 16 желтоқсанда Президент Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған Конституциялық Заңнан бастау алған тәуелсіздігімізге биыл 30 жыл толды. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, Желтоқсан оқиғасының 35   жылдығына орай Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға   арналған арнаулы кітапханасының ұйымдастыруымен «Тұғыры биік-Тәуелсіздік» атты  желтоқсан оқиғасына қатысушылармен кездесу кеші өтті.

Кездесу кешіне желтоқсан оқиғасының куәгерлері Қызылорда білім беру әдістемелік оқу орталығының мұғалімі   Канетов Аманбай Дүйсенұлы мен   Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық музыкалық драма театрының қуыршақ  театры режиссёры Жанмұратова Күлаш Дүйсенқызы және кітапхана оқырмандары қатысты. 

Кеш қонақтары қазақ елінің тәуелсіздік алғанға дейінгі басынан кешкен кезеңдеріне тоқталып, оқырмандар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Шара барысында Тәуелсіздік тарихы жайлы видеороликтер көрсетілді. Кеш соңында  патриоттық әндер шырқалды.

13 желтоқсан 2021 ж.. 317
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам