«Бір ел – бір кітап» акциясы аясында «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына - 30 кітап» рухани-мәдени акциясы аясында Дыбыс жазу студиясында дыбыстандырылған Иран Ғайыптың «Қорқыттың көрі», Мадина Омарованың «Көмбе нанның дәмі», Дулат Исабековтың «Жеті ж
Дәстүрлі «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы оқырмандар арасында кеңінен танымал. Жоба әдебиетіміздің қазыналы туындыларын насихаттау. Осы орайда бүгін Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасының ұйымдастыруымен республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы, Қазақстан Республикасының 30 жылдығына орай «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» рухани–мәдени акциясы аясында Дыбыс жазу студиясында дыбыстандырылған Иран Ғайыптың «Қорқыттың көрі», Мәдина Омарованың «Көмбе нанның дәмі», Дулат Исабековтің «Жеті желкен», Сәукетай Тұрысбековтің «Желқайық» кітаптарының беташары болып өтті. Жыл сайын өткізіліп отырған оқу акциясы өзінің оқырмандарға қажет екендігін, өміршеңдігін дәлелдеп отыр десек қателеспейміз. Жоба мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жыл көлемінде оқуға ұсынылған әдебиеттерді оқуға мүмкіндік алып отыр.