📍 Қызылорда қ., Сұлтан Бейбарыс к-сі, 1 ☎️ +7 (7242) 40‒07‒28 ✉️ library@example.kz
Q&A
» » 1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне орай «Кемеңгер тұңғыш - көшбасшы» тақырыптық көрме.

1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне орай «Кемеңгер тұңғыш - көшбасшы» тақырыптық көрме.

Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасының ұйымдастыруымен 1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне орай «Кемеңгер тұңғыш-көшбасшы» атты тақырыптық көрме өткізілді.

Көрменің мақсты: Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен даму кезеңіндегі Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың жүргізген саясаты, іскерлік қабілеті, болашаққа бағыт-бағдар берген еңбектерін оқырмандарға жеткізу және насихаттау.

Кітап көрмесі үш бөлімнен: «Ұлты ұлықтаған ұлы тұлға» атты бөлімде Елбасының өмірі мен еңбектері және ол кісі туралы жазылған әдебиеттер мен фото суреттер қойылды. «Әлем таныған Елбасы» бөлімі Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол» - болашаққа бастар жол» атты  Қазақстан халқына Жолдауы мен «Қызмет хроникасы» атты кітаптары топтастырылды. «Астана - Елбасының төл перзенті» атты үшінші бөлімде мемлекет жүрегі - Астананың тарихы, дамуы, жаңаша келбетке енген  кейпі туралы баяндалады.