«Латынға көшу-өркениетке қадам» атты ақпарат сағаты.
Бүгін, Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасының оқу залында «Латынға көшу-өркениетке қадам» атты ақпарат сағаты болып өтті.
Мәңгілік Ел мұратына ұмтылған Қазақстан халқының ұлттық кодының негізі саналатын рухани жаңғырудың негізі латын әліпбиіне көшу – еліміздің әлемдегі өркениетті мемлекеттердің қатарынан табылуының кепілі болып саналады.
Шара барысында І топ көз мүгедегі, кітапхананың тұрақты оқырманы Көлбаев Құрманғазы қазіргі уақытта латын қарпін қолдану заман талабы болып отыр, сондықтан да, заманауи технологияларға тәуелді екенімізді мойындап, кез келген жаңа дүниелермен санасуымыз керек деп өз ойын ортаға салды. Оқырмандар тарапынан қойылған сұрақтарға кітапханашы Құралай Макосова жауап берді.