«Терроризммен күрес – баршаның міндеті» ақпарат сағаты.
Бүгін Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасында «Терроризммен күрес – баршаның міндеті» атты ақпарат сағаты болып өтті. Қоғамның өркендеуіне кедергі келтіретін келеңсіз оқиғалардың алдын алу мақсатында ұйымдастырылған шара Қазақ соқырлар қоғамының мүшелері мен кітапхана оқырмандарының қатысуымен өтті. Шара барысында оқырмандар өз ойларын ортаға салып, орын алатын оқыс оқиғалардын алдын алу үшін, ең бастысы отбасының тәрбиесі дұрыс болу керек деген пікір білдірді. Кітапхана оқырмандары Дәрібаева Нәписа, Кенжебеков Ғалымжан, Ақатаев Рахымжан қоғамымыздың өркендеуіне кедергі болмас үшін терроризммен күресу әрбір азаматтың борышы деп өз ойларын ортаға салды.