15 қазан – Ақ таяқ күніне орай «Ақ таяқ» мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында отбасылық жарыс.
Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасы Қазақ соқырлар қоғамының клуб қызметкерлерімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының 30 жылдығына және 15 қазан Халықаралық «Ақ таяқ күніне орай «Ақ таяқ - мүгедектер нышаны» атты мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында отбасылық сайыс ұйымдастырылды. Шараны Қазақ соқырлар қоғамы Қызылорда облыстық филиал төрағасы Б.Тайманов ашып, сайыскерлерге сәттілік тіледі. Сайысқа 4 отбасы қатысты. Шара барысында қазақтың ұмыт болып бара жатырған салт-дәстүрлері бойынша сұрақтар қойылып, теңге, дәнді-дақылдарды, тактильді суреттерді ажырату арқылы жеңімпаздар анықталды. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталды.
Шараға демеушілік жасаған Искендер Ержан басқарып отырған «Қызылорда оптомаркет» сауда орталығы ұжымына алғысымызды білдіреміз.