» » 1 қазан – Бүкіләлемдік қарттар күніне орай «Қарты бар ел, қазыналы ел» мерекелік шара.

1 қазан – Бүкіләлемдік қарттар күніне орай «Қарты бар ел, қазыналы ел» мерекелік шара.

Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасында кітапхан оқырмандары және  қоғам мүшелерінің  қатысуымен 1 қазан - Халықаралық қарттар күніне орай, «Қарты бар ел, қазыналы ел» атты мерекелік шарасы ұйымдастырылды.

Мерекелік шараға қатысушы қонақтар мен оқырмандар абзал әкелер мен ақ жаулықты аналардың қоғамдағы алатын орны және өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі тәжірибелері туралы ойларын ортаға салды. 

Жастарымыздың   бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру, үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелейтін  шара жоғары деңгейде өтті.

Мерекелік шара соңы өнерпаз жастарымыздың концерттік бағдарламасына ұласты.

30 қыркүйек 2021 ж.. 284
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам