«Терроризм адамзаттың қасіреті» атты кітап көрмесі
Терроризм сөзінің төркіні латын тіліндегі terror «қорқу», «үрей»,- деген сөзден шығады. Ал терроризм «қорқыту», «үрей туғызу» деген мағынаны білдіреді. Бейбітшілік пен татулықты арқау еткен мемлекеттің билігін күйретуге әсер ететін бүгінгі таңда бүкіл әлем бойынша жаһандық мәселеге айналып отыр.Қазіргі уақытта, терроризм мен эктремизмнің алдын алу үшін түрлі сақтандыру шаралары ұйымдастырылып жатыр. Осы мақсатта Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасында 13.05.2019 ж. «Терроризм адамзаттың қасіреті» атты кең көлемде кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесіне тақырыпқа сай ақпараттар жиналып қойылды. Кітап көрмесімен оқырмандар таныстырылды.