» » «Отбасы құндылықтары және ұлттық тәрбие» дөңгелек үстел. «Парасат» орталығының ашылуы

«Отбасы құндылықтары және ұлттық тәрбие» дөңгелек үстел. «Парасат» орталығының ашылуы

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және ҚР Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2013 жылғы «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер» туралы  Жарлығымен белгіленген «Отбасы күніне» орай, Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға  арналған арнаулы кітапханасында  кітапхана оқырмандары және жастардың қатысуымен «Отбасы құндылықтары және ұлттық тәрбие» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. 
Өткізіліп отырған іс-шарамызға кітапханамыздың тұрақты оқырмандары, қоғамдық жұмыстарға белсенді араласып жүрген, өнегелі жанұялар А. Қалымбетовтер, Т. Сыздықовтар, Р.Ахатаевтар құрметті қонақ ретінде шақырылды.
Шараға қатысушы жанұялар өздерінің отбасындағы тәрбие, отбасының татулығы мен бірлігін сақтау  және  балаларды еңбекке баулу, білімді болу, жастардың келешегі туралы ойларын ортаға салып, ой-пікірлерімен  бөлісті.
Оқу залында «Отбасы құндылықтары және ұлттық тәрбие» тақырыбымен  кең көлемде кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға  арналған арнаулы кітапханасының директоры Е.Ж.Алданазаров барлық жанұяларды айтулы мерекемен құттықтап,  шараға қатысушы қонақтарға марапаттар мен сыйлықтар табыстады.
16 қыркүйек 2021 ж.. 488
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам