«Бір ел – бір кітап» акциясы аясында С.Досжан «Қасірет пен тағдыр» атты кітабына шолу.
Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасында 30 маусым күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай оқырман таңдаған «30 жылдыққа 30 кітап» акциясына енген проза жанрынан таңдаулы шығарма Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері , Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері жазушы Сәуле Досжанның «Қасірет пен тағдыр» атты кітабына шолу ұйымдастырылды.
Оқырманға ұсынылып отырған «Қасірет пен тағдыр» романы халқымыздың басына қайғы салған Семей полигоны мен одан келген зардап пен зауал жайлы. Полигон зардабын тартқан қасіретті Ананың зарын, оған қарсы шыққан қайсар Ананың өр рухын бейнелейді.
Романның желісінде Тәуелсіздік жолындағы өтпелі заманның қиындықтарын Аяулымның тағдырымен жалғастырады. Арасында адам баласына тән махаббат сезімі де, күйініш пен сүйініш сезімдері суреттеледі.
Аяулымның тағдыр жолындағы қасіреті мен махаббаты, ләззаты мен қуанышы Сізді де өз оқиғаларының арасына ілестіре жөнеледі.