» » «Нашақорлықтан аулақ бол» атты ақпарат сағаты.

«Нашақорлықтан аулақ бол» атты ақпарат сағаты.

Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға  арналған арнаулы кітапханасы мен Қазақ соқырлар қоғамы клубында  Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы аясында «Нашақорлықтан аулақ бол »  атты  ақпарат сағаты  ұйымдастырылды.

Мақсаты – нашақорлық және есірткі туралы толық мағлұмат беру, тыңдаушыларға адамзат ұрпағына төніп тұрған зиянды әдеттердің зардаптарын түсіндіру, олардан аулақ болуға шақыру, адамгершілік жөнінде және құқықтық тәрбие беру, салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады.

Кітапханашы: П.Кошкарова - ХХІ ғасыр індетіне айналып отырған нашақорлықпен күрес мәселесі қазір елді алаңдатып отыр. Жер шарының қай түкпірін алсаң да, есірткіге қарсы белсенді күрес жүргізуде. Бұл дерт шалған адам мағынасыз ғұмыр кешуге бар.  Оның орнына спортпен шұғылданып , неге денсаулығын шыңдамасқа. Есірткіге бой алдыртқандардың көбі есалаң болып қалатынын кинолардан көріп жүрміз. Бұл ауру жеке адамның емес , ұлт ауруы , ұлт жауы екенін түсінсе ғой. Әр адамның мәнді де, сәнді өмір сүру үшін денсаулықтың әсері ұшан-теңіз екен.

25 маусым 2021 ж.. 424
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам