«Ұранды елдің – ұрпағы қайсар» атты кітап көрмесі
06.05.2019 жылы 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасының абонемент бөлімінде «Ұранды елдің – ұрпағы қайсар» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге еліміздің айбынын асқақтататын сардарлар мен сарбаздарымыздың ерен еңбектерін паш ететін ақпараттар жиналып оқырмандарға таныстырылды. Бұл мереке әр кезде де батылдық пен ерліктің, қаһармандық пен елдіктің нышаны, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі, ал құрметті ардагерлеріміз болашақ ұрпақтар үшін, егемен еліміздің тәуелсіздігін қорғаушылар үшін жарқын үлгі болып қала берері сөзсіз.