«Терроризм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп» ақпарат сағаты.
Бейбітшілік пен татулықты арқау еткен мемлекеттің билігін күйретуге әсер ететін бүгінгі таңда бүкіл әлем бойынша жаһандық мәселе – терроризм. Қазіргі уақытта терроризм мен экстремизмнің таралу қаупі еліміздің қауіпсіздігіне айналып отыр. Осыған орай 22.06.2021 күні кітапхана оқу залында оқырмандармен «Терроризм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп» атты ақпарат сағаты болып өтті.
Терроризмге қарсы күрес бүгінде әрбір елдің ішкі және сыртқы саясатының басты бағыттарының біріне айналды. Мақсатымыз оқырмандарға терроризм туралы терең түсінік беру, себептері мен зардаптарын ұғындыру. Жастарға заңсыз жат діни ұйымдар туралы мағлұмат беру.