«Жемқорлыққа жол жоқ» атты кітап көрмесі.
Сыбайлас жемқорлық — қазіргі заман дерті, ғасыр ағысымен бірге өсіп-өркендеп, қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат пайда болса, сол жерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған күрделі мәселелердің бірі.
2021 жылдың 15 маусым күні арнаулы кітапхананың оқу залында «Жемқорлыққа жол жоқ» атты кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты: Жемқорлықтың пайда болу себептерін және қоғамға келтіретін зиянды жақтарын түсіндіру арқылы сыбайлас жемқорлыққа теріс көзқарасты қалыптастыру. Ар-намыс пен адалдықтың, беделдің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің маңыздылығын сезіну.
Көрмеге Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық деңгейі, сыбайлас жемқорлықтың салдары, сыбайлас жемқорлықтың қоғам өмірінің түрлі салаларына тигізетін кері әсері туралы айтылған басылым беттеріндегі материалдар және әдебиеттер қойылды.